USD
USD
USD

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Атырау облысында бір отбасының іс-түссіз жоғалғанын зерттеген «хакер» Түркияда ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы «Ақ Жайық» басылымына хабарлады.

.
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Халықаралық іздеуде болған ер адам ақпан айында Түркияның Самсон қаласында қолға түскен. Қазір Қазақстанның Бас прокуратурасы оны елге экстрадициялау үшін қажетті құжаттарды дайындап жатыр.

Тергеу мәліметінше, ол адамдарды түрлі сылтаумен алдаған. Атап айтқанда, инвестиция салуды, IT саласында оқытуды, бұғатталған аккаунттарды ашып беруді, ақша шешіп беруге көмектесуді немесе техника сатуды ұсынып, азаматтардың сеніміне кірген. Осылайша олардың ақшасын иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 13 млн теңгеден асады.

Қаңтар айында Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні сырттай қамауға алуға санкция берген.

Айта кетейік, ол бұған дейін Атырау облысында бір отбасының іс-түссіз жоғалуын өз бетінше зерттеп, әлеуметтік желілерде «Атыраулық хакер» ретінде танылды.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев