USD
USD
USD

Атырауға шетелдік 11 адамға босқын мәртебесі берілген

Атырау облысында босқын мәртебесін алу үшін өзге елдің 96 адамы өтініш білдірген.

Атырауға шетелдік 11 адамға босқын мәртебесі берілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда, олардың арасынан 11 адамға босқын мәртебесін беруге шешім қабылданған, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, босқын мәртебесін алуға өтініш берген азаматтар қатаң бақылауға алынған.

«Биыл 1 желтоқсанға дейін басқармаға босқын мәртебесін алу үшін 96 адамнан өтініш түсті. Пана іздеп келгендердің арасынан 11 адамға босқын мәртебесі берілді. Ал, 55 адамның босқын мәртебесіне берген өтініші қайтарылып, олар елдеріне оралды. Өтініш берген 4 адам ықтиярхат алды», – деп хабарлады Азамат Мәмбетов.

Оның дерегіне қарағанда, 11 адамның басқа өңірге көшіп кеткені анықталған. Сондай-ақ 9 адам елдің аумағынан ескертусіз шығып кеткен.

«Пана іздеген адам ретінде 6 адам тіркелді. Оның ішінде 1 ер, 3 әйел, кәмелетке толмаған 2 бала бар. Олардың бәрі – Украина Республикасының азаматтары», – деп мәлім етті Азамат Мәмбетов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар