USD
USD
USD

Атырауға Египеттен ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталмады

21 желтоқсан күні Атырауға Шарм-эль-шейх қаласынан ПТР сынамасы жоқ 34 жолаушы ұшып келді, - деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Атырауға Египеттен ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталмады
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Қазіргі уақытта барлық жолаушыдан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетіп,  олардан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 21 желтоқсан күні  өңірге Египеттің Шарм-эль-шейх қаласынан  барлығы 150 жолаушы ұшып келген. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға 14 - 21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытында бірінші кезекте 91, кейін 52 жолаушы келген еді. Оның 2-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың ПТР сынамасы қорытындысында COVID-19 жұқпасы анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес

Berlin Today: Қазақстан Орталық Азияның экономикалық орталығына айналуда

Астана

Ресейдің Бас прокуратурасы FIDE басшысы Тимур Турлов пен Freedom Holding атына сотқа талап-арыз түсірді

Тимур Турлов