USD
USD
USD

Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

10 маусым күні Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті.

Гуманитарлық көмек
Фото: Жедел штаб

Алматы, NEGE. «Қытай мен Қазақстан - ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды. Белгілі бір себептермен біздің гуманитарлық көмек сәл кешігіп келді. Бірақ бұл екі ел халқының бір-біріне деген қамқорлығын тоқтата алмайды. Бүгін мен Ляньюньган портының атынан гуманитарлық көмекті Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына аударамын», – деді Орталық Азиядағы Ляньюньган порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй.

Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шекен аймақтарға Ляньюньган қаласынан күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар жеткізілді.

Еске сала кетелік, бүгінде Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС