USD
USD
USD

Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашқандар жазаланатынын ескертті

Атыраудың әкімі болып тағайындалғанына бір ай болған Шәкір Кейкін көгершіндерге жем шашуға ескертті, деп хабарлайды КТК.

Атыраудың жаңа әкімі көгершіндерге жем шашқандар жазаланатынын ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімнің айтуынша, құстар Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін ластап жатыр, олардың саңғырығынан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қаламыздың аға буын өкілдері, көзі ашық көкірегі ояу әр азаматтың мазалайтын мәселелерінің бірі - қаламызда орналасқан қазағымыздың мақтанышы, ұлт зиялысы, еліміздің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ескерткішінің бүгіндегі сыйқы. Бұған себеп, ел сыйлаған ағамыздың жалғыз ескерткішінің басына көгершіндер қонып, құстардың мекеніне айналған. "Арнаулы автобаза" қызметкерлері қажетті тазалық жұмыстарын жүргізгенмен, бұрынғы қалпына қайта түсіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін бүгін учаскелік полиция, "Арнаулы автобаза" ЖШС басшысы және жауапты бөлім басшыларымен бірге аталған орынға барып қайттым. Расымен, тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қайтадан қоректенуге келген құстардың саңғырығынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитарлық жағдай десек артық болмас. Осы мақсатта қала тұрғындарына бұл жерге келіп құстарды қоректендірмеуге ұсыныс білдіремін әрі арнайы хабарландыру жазылып, таратылады. Өмірден өткен ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату – еліміздің тарихын, елдігімізді білдіреді. Осыған байланысты полиция басшылығына алдағы уақытта көгершіндерге тамақ қалдығын тастаған азаматтар мен азаматшыларға абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушылық талаптарына сай шара қолдануды тапсырдым", - деп жазды ол.

Ескерткіштерге сарып жүрген көгершіндерден коммуналдық қызметтегілер де шаршаған екен. 

"Жоқ дегенде 4-5 сағат уақытымыз кетеді осы жерге. Жеңіс саябағының ішіндегі батырларымызға қойылған ескерткіштеріміз бар. Сол демалатын жерлерге тұрғындар келіп жемдерін шашып осындай лас күйге түсіріп тұр. Әр аптаның жаңағы сенбісінде жуатын едік. Қазіргі жазғы мезгілде 2 рет, 3 рет жууға тура келіп тұр", – деді "Арнаулы автобаза" ЖШС қызметкері Күлайна Әжіғалиева

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс