Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы ​ іске қосылды

Тағы осындай 5 станса жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспановаға сілтеме жасап.

Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансасы ​ іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыс бойынша 9 оттегі станциясын жасақтау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 4 оттегі стансасы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның барлығы коронавирус инфекциясына және коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарға ем көрсетуде қажетті жабдықтар» деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдары пандемия кезінде қажетті ем-шара жасауға арналған дәрі-дәрмектің 2 айлық қорымен қамтамасыз етілді. Және Атырау облысы әкімінің тікелей қолдауымен, дәріханаларды қамтамасыз ету мақсатында коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 аталым бойынша қоры жасақталып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық