USD
USD
USD

Атыраудың Мақат ауданында 11 мұғалім мен тәрбиеші жалған дипломмен жұмыс істеген

Атырау облысы Мақат ауданының білім саласында 11 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Атыраудың Мақат ауданында 11 мұғалім мен тәрбиеші жалған дипломмен жұмыс істеген
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Мақат ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Какиевтің мәліметінше, жалған дипломды пайдаланған қызметкерлердің 4-еуі мектепте мұғалім болған. Ал, 8 қызметкер жалған дипломмен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген.

«Жалған дипломды пайдаланумен байланысты 11 дерекке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз төленген жалақыны кері қайтару шарасы қолға алынды. Осы кезге дейін 8 қызметкер тарапынан бюджетке келтірілген 4 млн теңгеге жуық залал өндірілді», -дейді Ерлан Какиев.

Оның дерегіне сүйенсек, 2 тәрбиешіден 4 млн теңге бюджетке қайтарылуға тиіс. Ал, бір тәрбиешіге қатысты күмәнді жайт туындаған.

Сол себептен қосымша деректер жинақталып жатыр.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 5 млн теңгеге жуық несие алған 2 маман жұмыстан шығып кеткен.

Осыған байланысты аудандық прокуратура несиені бюджетке қайтару мәселесін бақылауға алып отыр.

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov