USD
USD
USD

Атыраудан ұшып шыққан FlyArystan ұшағы екі рет Ақтау әуежайына қона алмады

«Атырау-Ақтау» бағытына қатынайтын ұшақ Маңғыстау облысының орталық әуежайына екі рет қона алмай, кері оралды.

FlyArystan
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Атырау – Ақтау» бағытындағы 7277 рейсін жүзеге асырушы «FlyArystan» әуе компаниясы ұшақ 2024 жылы 2 қарашада сағат 06:40-та ұшуы тиіс екенін, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты рейс кешіктіріліп жатқанын жеткізді.

«Ұшу 2 қараша, сағат 21:50-ге жоспарланған. Ақтауда қатты тұман болып, көрінудің ең төменгі деңгейі тіркелді, ұшақтың қонатындай мүмкіндігі болмады, сондықтан ол Атырауға кері оралды», - деп хабарлады авиатасымалдаушы.

Екінші рет ұшақ 2024 жылы 3 қарашада сағат 06:50-де көкке көтерілді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтауға қона алмаған борт Атырауға қайта оралды.

Авиакомпания өкілдеріне жүгінген жолаушыларға сусындар, ыстық тамақ және қонақ үйден бөлме ұсынылды. Сондай-ақ олар билет ақысын толық қайтару немесе тегін қайта брон жасауға мүмкіндік берілді.

«Ақтау – Ыстамбұл рейсіне іліне алмай қалған жолаушылар да билет ақысын толық қайтара алды немесе тегін қайта брондау жасай алды», – деп атап өтті компания.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама