USD
USD
USD

Атыраудағы жаңа орталыққа Абай есімі беріледі

Атырауда Абай есімін жаңа орталыққа беріп, ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтылды.

Атыраудағы жаңа орталыққа Абай есімі беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облыстық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы кезінде Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына ұлы Абай есімін беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жиында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында қазақтың кемеңгері Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты облыстық оқушылар мен жастар үйінің алаңына Абай ескерткішін орнатып, аталған орталыққа Абай есімін беру туралы ұсынысы талқыланды. Ұсыныс жасаушылар бұның Абай мұрасын ұрпаққа насихаттап, есімін ұлттың жадында мәңгі сақтау үшін қажет екенін айтты.

Ұсынысқа Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және сессияға қатысушы депутаттар қолдау білдірді.

Айта кетелік, қазіргі кезде Атырау облысы бойынша 5 мектеп пен 28 көше ұлы Абайдың есімімен аталады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай