Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атыраудағы сібір жарасы: Қасапхананың тағы бір жұмысшысынан ауру белгісі табылды

Атыраудағы «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою пунктінде жұмыс істеген тағы бір адамнан сібір жарасының белгісі анықталды.

Денсаулық, тексеру
Фото: Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің растаған ақпаратына сүйенсек, бұл – сібір жарасының белгісі табылған екінші науқас.

«Науқастың өзі медциналық көмек алуға жүгінген. Өйткені, бұл адамда сібір жарасының алғашқы белгілері байқалған. Зертханалық талдау қорытындысымен ауру белгісі расталып, диагноз қойылды. Ол медициналық хаттамаға сәйкес ауруханаға жатқызылып, ем-дом алып жатыр», - деп хабарлады Руслан Жұмағазиев.

Оның мәліметінше, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мал сою цехтарынан, ірі базарлар мен сауда нүктелері секілді 67 нысаннан 700-ден астам сынама алған. Сынамалардың талдау қорытындыларынан сібір жарасының белгісі табылмаған.

«Қазір Атырау облысының аумағына мал тиеген көліктердің кіріп-шығуы қатаң бақылауға алынды. Полиция және ветеринариялық қадалау мамандары көліктердегі малдың құжатының, оның ішінде жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілгені жөніндегі анықтаманың заңдылығын тексереді. Көліктегі малдың дене қызуы өлшенеді», - деп мәлім етті Руслан Жұмағазиев.

Сондай-ақ, «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою пункті аумағында тұрған 225 малға вакцина салынған.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.