USD
USD
USD

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Прокуратура Атырау облысындағы Жангелдин ауылында ата-анасы, бауыры мен әпкесі өлтірілген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Ал жарыссөзде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сәрсемәлиев, Мұқанғалиева
Фото: Видеодан кадр/ІІМ

Астана, NEGE. Бүгін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында  Сәрсемәлиеве қатысты іс бойынша сот жарыссөзі аяқталды.

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевті өзіне тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Оған бір отбасының төрт адамын – Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны және Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтірді деген айыптан бөлек, ұрлық, алаяқтық, мал ұрлау, сондай-ақ құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да айып тағылған.

Прокурор жасалған қылмыстар жиынтығын ескере отырып, соттан айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұл ретте Атырау облысының прокуратурасы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұған дейін ол өз ата-анасы, бауыры мен әпкесінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы хабарламады деген күдікке ілінген болатын.

Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша қозғалған іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Мұқанғалиеваға Алматыда жүргізілген кешенді стационарлық сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша дәрігерлердің тұрақты бақылауында болу және қосымша дифференциалды диагностикадан өту ұсынылған. Қазіргі уақытта ол тиісті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, өткен жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ағасы мен оның отбасы мүшелері хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеген. 

6 қаңтарда Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері ауылдағы үйінің қорасынан табылғаны хабарланды. Екі адамның өліміне отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланды.

Күдікті Сәрсемәлиев пен бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. Олар 9 наурызда Атырауға жеткізілді.

Күдікті қылмысын мойындағаннан кейін қалған екі мәйіттің қай жерде көмілгенін көрсеткен. Жедел қызметкерлер оның айтқан жері – Геолог ауданында бұрын жалдап тұрған үйінің ауласын тексеріп, Наурыз бен Мейрамгүлдің денесін тапты.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрттің ашық жануы тоқтатылды

орман өрті

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов