USD
USD
USD

Атыраудағы "Чебурашка" балабақшасының директоры үй қамауына алынды

Атырау қаласындағы "Чебурашка" балабақшасында болған қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы ресми ақпарат таратты. 

Заң
Фото: kaz.orda.kz

Алматы, NEGE. 10 шілде күні Атырау қаласындағы «Чебурашка» балабақшасында төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, қайтыс болған. Соған байланысты, яғни балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Сол күні Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласының ПБ-ның УҰИ-на оқшауландырылды. 12 шілде күні сотпен оларға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, деп түсіндірді облыстық прокуратура.

Сондай-ақ хабарламада балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екені айтылып, балалардың құқықтарын бұзу фактілері, оның ішінде оларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері ерекше бақылауда тұрғаны жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар