USD
USD
USD

$2 млрд-тық жобада заңбұзушылық бар ма? Министрлік НЕГЕ үнсіз қалды

Таяуда БАҚ-та Атырау облысында құны 2 млрд АҚШ долларынан асатын мұнай-газ химиясы жобасын іске асыру кезінде қаржылық және лауазымдық заңбұзушылықтарға жол берілгені жөнінде ақпарат тарады.

Энергетика министрлі
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. БАҚ мәліметінше, өкілеттікті асыра пайдалану дерегімен қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ аталған жоба Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылған болуы мүмкін екені, құрылысқа қатысқан бұрынғы ұлттық компания басшылары мен мердігер ұйымдардың қызметі тексеріліп жатқаны айтылды.

Дегенмен тергеу нақты қай кәсіпорынға қатысты жүргізіліп жатқаны нақтыланбады. Сондай-ақ ықтимал күдіктілердің кім екені, келтірілген залалдың болжамды көлемі мен заңбұзушылықтың нақты мән-жайы да айтылған жоқ.

Ақпаратты нақтылау үшін редакция Энергетика министрлігіне бірнеше сұрақтан тұратын ресми сауал жолдаған еді. Атап айтқанда:

  1. Атырау облысында құны 2 млрд АҚШ долларынан асатын мұнай-газ химиясы жобасы бар ма? Егер болса, жобаның ресми атауы, жалпы құны және оны іске асыруға қатысатын компаниялар туралы ақпарат беруді сұраймыз.

  2. Жобаны қаржыландыруға Ұлттық қор қаражаты тартылды ма? Егер тартылса, қанша көлемде және қандай тетік арқылы бөлінді?

  3. Құрылыс жұмыстарына қандай ұлттық компаниялар мен мердігер ұйымдар қатысты? Олардың бұрынғы басшыларының қызметіне қатысты тексеру жүргізілді ме?

  4. Жобаны іске асыру барысында қаржылық немесе техникалық заңбұзушылықтар анықталды ма? Құқық қорғау органдары осы жобаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр ма? Егер жүргізсе, оның мән-жайы қандай?

  5. Қазіргі уақытта жобаның жүзеге асу барысы қандай? Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр ма және нысанды пайдалануға беру мерзімі қашан?

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды. Министрлік ресми түрде расталған мәліметтер болмаған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды қоса алғанда, бейресми ақпаратқа негізделген болжамдарға түсініктеме бермейді», – делінген министрлік жауабында.

Сондай-ақ редакция Атырау облыстық прокуратурасына да ресми сауал жолдаған болатын. Алайда прокуратурадан сауалымыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданғаны туралы жауап алдық. Ол жақтан әлі жауап жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ресейде әскери ұшақ құлады: қаза болғандар бар

Ресей ұшақ

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Джон ван ’т Схип