Атырауда балабақшалар ашылады
Атырауда мектепке дейінгі балалар мекемелері ашылып, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер жұмысын бастайды.

Алматы, NEGE. Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелері, жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын репетиторлық, тілдік және өзге де үйірмелердің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, ауданы 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер де ашылады. Аталған кәсіпкерлік нысандарының барлығы таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал, 20 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаларда кезекші топтарды ұйымдастыруға рұқсат берілді. Балабақшаларға балаларды әкелу үшін ата-анасының екеуі де, немесе қамқоршылары мен асырап алушылар жұмыс істейтіні туралы анықтаманы көрсетуі тиіс.
Қазір оқып жатыр
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

