20 Шілде 18:12
...

Атырауда журналист соққыға жығылды (видео)

Фото:

19 шілде күні Атырауда өз үйінің жанында журналист соққыға жығылды. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры ресми сайтында хабарлады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті де пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Ол үйден шыққан кезде оған белгісіз жігіт жақындап, көмек сұрап, кейін бетінен қатты ұрған.

- Әйел соққыдан құлап қалған. Сол кезде шабуылдаушы оны тепкілей бастаған. Журналисті өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған, ал оның ұлы жедел жәрдем шақырған. Компьютерлік томографияда журналистің мұрны сынғаны және ығысқаны анықталды, - деді «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры.

Олеся Вертинская полицияға арызданған.

Атырау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

16 шілдеде журналиске белгісіз нөмірден хабарлама келіп, оған белгілі бір ЖШС мен оның иесінен абай болуды қатаң ескерткен. Сол күні әйел прокуратураға қорқыта бастағаны туралы арыз жазып, өміріне қауіп төнгенін айтқан.

13 шілдеде Вертинскаяға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 667-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кейін журналист прокуратураға арыз жазып, прокуратура істі жойды.

Тегтер: