USD
USD
USD

Атырауда жоғалған балалар табылды

 Атырауда Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады. 

Атырауда жоғалған балалар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық гвардияның «Батыс» өңірлік қосбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда кешкі сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы хабарласқан. Олар көрші балалармен ойнауға шыққан перзенттері үйге оралмағанын айтқан. «Жоғалған балалар туралы ақпарат құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамына берілді. Қатардағы патруль бастығы Назар Ізбасов пен құрамында патрульдік қатардағы сарбаздар Азамат Исмаилов пен Бекболат Бейсенбаев бар әскери наряд «Жеңіс» саябағының жанында жүрген төрт баланы байқаған.

Олар жоғалған балалардың сипаттамасына ұқсас болған. Ал, Азамат, Азат, Рауан және Данил есімді балалар ойнап жүріп, үйінен алыстағанын аңғармағанын айтқан», - деп хабарлады қолбасшылықтың баспасөз қызметінен. Ұлттық ұланның сарбаздары Жедел басқару орталығы арқылы балаларды ата-аналарымен табыстырған. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі әскери міндетін орындау кезінде қырағылық танытқан сарбаздарға №5546 әскери бөлім командирінің алғысы жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвесиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов