USD
USD
USD

Атырауда жылына 30 миллион маска шығаратын өндіріс іске қосылады

«Атырауда жергілікті компаниялардың бірі бір реттік медициналық бетперделер тіге бастады», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырауда жылына 30 миллион маска шығаратын өндіріс іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Кәсіпкер Махмут Мералиев пандемияның "бірінші толқынында" өңірде бетперде қажеттілігі байқалғанын айтады. Сондықтан қолжетімді бағаға сатылатын маска жасап шығаруды қолға алған. Үкімет тарапынан қолдау тапқан игі бастаманың алғашқы өнімдері Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығады.

"Қазіргі уақытта - «Доктор Хаус» ЖШС компаниясында 20 жұмысшы қызмет етеді. Бір реттік маскалар тоқылмаған материалдан жасалады. Пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайды. Үшқабатты  ересектерге арналған медициналық бетперделерді жылына 30 млн данамен шығаруды көздеп отырмыз", - деді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Оның айтуынша, Атыраудан өндірілген  бетперделер  алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріне сатылымға шығарылмақ. Сапаға қатты мән беретін компания балаларға арналған маскалар да шығаруды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп