USD
USD
USD

Атырауда жедел-жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды

Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

 Атырауда жедел-жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған. 

-    Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансасына беріледі.  Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын, - дейді Бауыржан Төлеген.

Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан айында 28 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты.   

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өңірде  COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансаларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян