2 Желтоқсан 17:06
...

Атырауда Жаңа жылдық шырша Тәуелсіздік күнінен кейін орнатылады

Фото:

Nege.kz порталы облыс әкімдерінен Тәуелсіздік күніне, Жаңа Жыл мерекесіне қандай дайындықтар жүріп жатқанын, Жаңа жылдық шырша қашан орнатылатынын, оған бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін сұрап, ресми сауал жолдаған. Сауалымызға Атырау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармсының басшысы жауап берді. 

Атырау облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Әзмұхановтың хабарлауынша, 15 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Тәуелсіз елім – тірегім» атты онлайн концерт, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мен – Тәуелсіздік құрдасымын» атты шара өтеді.

15-16 желтоқсан күндері Атырау облысына қарасты барлық аудандарда «Еркіндігім. Қасиетім. Қастерлім», «Тұғыры биік Тәуелсіздік», «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» тақырыптарымен онлайн мерекелік шаралар ұйымдастырылатын болады.

Жаңа жылдық шыршаға қосымша қаражат бөлінбейді

Атырау облысының әкімдгі қоғамда билік өкілдеріне халықтың оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік қызметкерлер Жаңа жыл мерекесін тойлаудың орнына әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап қайырымдылық шараларды ұйымдастырады. 

Мемлекет басшысының көпшілік мерекелік шараларды ұйымдастыруға шектеулер енгізуі мен Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Атырау облыс әкімдігінің қызметкерлерін биылғы жылы Жаңа жыл мерекесін атап өтпейді.

Атырау қаласы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, еліміздегі ахуалға байланысты биыл жергілікті бюджеттен жаңа жылдық шыршаға қосымша қаражат бөлінбейді. Сондықтан өткен жылғы шыршаларды пайдалану жоспарлануда.

Жаңа жылдық шырша ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін орнатылатын болады, – дейді Атырау облысының әкімдігі.

Басқарма басшысы Жаңа жылдық «От шашудың» ұйымдастырылмайтынын да тілге тиек етті. 

Тегтер: