USD
USD
USD

Атырауда Жайыққа батқан 7 жасар баланың мәйіті табылды

Атырауда Жайық өзеніне батқан 7 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда Жайыққа батқан 7 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, суға батып кеткен денесі сағат 14:19-да жағалауға шығарылған.

«Атырау қаласына таяу орналасқан Қызылбалық ауылында тұратын 7 жасар бала кеше, 14 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен. Ол жағалауда тұрған қайықтың үстінде ойнап жүріп, өзенге құлаған. Оны іздеу жұмысы сол күні кеште сағат 22:25-те басталды. Алайда,

түнгі мезгілдегі іздеу нәтиже бермей, 15 тамызда сағат 00:27-де тоқтатылған еді. Бүгін, суға кеткен баланы таңертең сағат 7:30-да қайта жалғасты», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Атырау қалалық полиция басқармасынан 2 қызметкер, 1 техника және жергілікті 20 тұрғын мен 1 жүзу құралы тартылған.

Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында жыл басынан бері 17 адам суға батқан. Оның ішінде Атырау қаласында 2, Махамбет ауданында 6, Құрманғазыда – 3 Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Индер ауданында 2 адам суға батып кеткен. Су айдындарында 6 жасөспірім көз жұмған.

«Биыл суға түсу маусымы басталған 1 маусымынан бері 11 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Департаментке қарасты жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батқан 6 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде 3 бала бар. Су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, полицейлермен, Атырау қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық іс-шараларға 273 адам мен 44 автокөлік, жүзу құралдары тартылып отыр», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор