USD
USD
USD

Атырауда вирус жұқтырғандар тіркелмеді

«Жасыл» аймақтағы Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Атырауда вирус жұқтырғандар тіркелмеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысында короанвирус инфекциясының таралу көрсеткіші төмендеп келеді.

Мәселен, 27 ақпанда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар анықталмады.

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясына 28 адам емделіп шықты.

«Қазір 273 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, 2 360 орынға арналған инфекциялық

стационарларда 31 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 27, аудандардағы инфекциялық стационарларда 4 пациент бар», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірдегі инфекциялық стационарлардағы жүктеме 1,3%-ды құрап отыр.

Стационарлардың 106 төсек-орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 2 пациент емделуге жатқызылған. Өкпені жасанды желдету аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 1,9%.

Теңіз кенішіндегі, №2 облыстық аурухана мен фтизиопульмонологиялық орталықтың инфекциялық стационарында коронавирустен емделіп жатқан науқастар жоқ.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық