USD
USD
USD

Атырауда учаскеде орынсыз қалған сайлауға қатысушы партиялардың байқаушылары жағдайды түсіністікпен қабылдауда

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінде кей байқаушылар карантиндік шектеулерге байланысты орынсыз қалып отыр. Бұл жағдайды партиялар және  байқаушылар  түсіністікпен қабылдап отыр. Және өз пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялауда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырауда учаскеде орынсыз қалған сайлауға қатысушы партиялардың байқаушылары жағдайды түсіністікпен қабылдауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысына сәйкес, ​ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып дауыс беру учаскесінің Ережесі бекітілді. Яғни, сайлау учаскелерінде байқаушыларға арналған орындықтар саны шектеулі. Себебі, орындықтар ғимараттың көлеміне қарай қойылған.

Сайлауды байқаушылар қатары учаскелерде толық болуына байланысты, «Nur Otan», «Адал», «Ақ жол», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» тарапынан тіркелген байқаушылар арасында учаскеде орынсыз қалғандары бар. Бұл шектеулердің барлығы тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында жасалып отырғанын түсінгеніміз жөн» дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян