USD
USD
USD

Атырауда топырақ үйіндісінің астында қалған екі адам қайтыс болды

 Атырауда топырақ астында қалған екі ер адам қайтыс болды.

Атырауда топырақ үйіндісінің астында қалған екі адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар жеке тұрғын үйдің жанынан қазылған шұңқырға құлаған топырақтың астында қалған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Екі адамның өліміне соқтырған қайғылы оқиға кеше болған. «18 маусымда екі ер адам Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазған. Сол кезде су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан қазылған шұңқырға топырақ үйіндісі құлаған. Екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып, шыға алмаған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қайтыс болғандардың бірі – 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған. Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси