USD
USD
USD

Атырауда төбелестің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

  Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өліммен аяқталды.

Атырауда төбелестің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды. 4 адамы қамауға алынды. Қайғылы оқиға Индер ауданының Есбол ауылының маңында болған. Жастардың өзара текетіресіне не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды.

Қазір полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 адамы қамауға алынған.

«Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», –  деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика