USD
USD
USD

Атырауда тергеуге келген жігіт полиция ғимаратынан шыққан күйі жоғалып кетті

Атырауда 1 желтоқсан күні 21 жастағы жігітті қалалық полиция басқармасына тергеуге шақырған. Сол жерден шыққан ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде жігіттің фотосы мен деректері жарияланды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Атырауда тергеуге келген жігіт полиция ғимаратынан шыққан күйі жоғалып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Басылымның жазуынша, Атырау тұрғынын тергеуге кім ретінде шақырғаны белгісіз. Ақпараттарға сүйенсек, жас жігіт дәлізде біршама уақыт отырған. Содан кейін көшеге шыққан ол жақындарымен хабарласпаған.

Жігіттің анасының айтуынша, соңғы рет ол ұлымен 30 қараша күні кешкі сағат 19 шамасында сөйлескен. Кейінірек, оның телефоны сөндірулі болған.

Сонымен қатар, жоғалған ер адамды полиция қызметкерлері іздестіріп жатқаны хабарланды. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе