USD
USD
USD

Атырауда "темір адамның" сүйегі табылды

Атырау облысында ежелгі батырдың сүйегі табылды.

Атырауда "темір адамның" сүйегі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сүйек Қызылқоға ауданы Миялы ауылында орналасқан үш қорғанда жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылды. Сарапшылардың ойынша, темір сауыт киген ер адамның бойы 175 сантиметр. Сондай-ақ сүйектің қасынан ұзындығы метр болатын қылыш, жебе мен сауыттың ұшы және басқа да көптеген артефакт табылды. Зерттеуді халықаралық реставратор, "Қырым аралы" ғылыми-реставрациялық зертхана жетекшісі Қырым Алтынбеков басқарады. Оның айтуынша, мұндай тарихи жәдігер өте сирек кездеседі. "Табылған ежелгі жәдігерді "темір адам" деп айтуға болады. Себебі оның қаңқасы темірмен қапталған. Ол жауынгер болуы әбден мүмкін. Темір қаптаманың ұрланбағанына таңғалдық. Мұндай заттар мыңдаған жыл бойы ұрланбай қалуы өте сирек кездеседі. Қазақстан территориясында мұндай тарихи жәдігер табылған емес", - деді Қырым Алтынбеков.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов