USD
USD
USD

Атырауда супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды

Атырау қаласында супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Атырауда супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Ұрлық 2 қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.

«Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданында орналасқан супермаркеттен күдіктінің виски ішімдігін ұрлаған сәті видеоға түскен. Бейнебақылау камерасын тексеру кезінде виски ұрлаған күдіктінің Атырау қаласында тұратын 1988 жылғы ер адам екені анықталды. Оның бұған дейін бірнеше супермаркеттен 11 рет виски ішімдігін ұрлағаны белгілі болды» - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Салық дауларының басым бөлігі төлеушілердің пайдасына шешілді

Салық

Алматы әуежайында шетелден келген әйелден 21 келі марихуана тәркіленді

Марихуана

Неміс депутаттары жалақысын көтеруден бас тартты

Бундестаг

Қызылордада «Warner Bros» қаржы пирамидасы бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг