USD
USD
USD

Атырауда «сөйлейтін» аялдама пайда болды

 Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Авангард-4 шағын ауданындағы «Перзентхана» аялдамасына арнайы ақпараттық таблосы бар тақта орнатылған.

Атырауда «сөйлейтін» аялдама пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – қаладағы алғашқы пилоттық жоба. «Ақпараттық тақта қала әкімінің бастамасымен орнатылды. Оны «Смарт Атырау» КММ әзірледі. «Перзентхана» аялдамасындағы ақпараттық таблода маршрут нөмірі, соңғы аялдама мен автобустың келетін уақыты көрсетіледі. Ал, нашар көретін және зағип жандар үшін дыбыс нұсқасы бар. Дауыспен хабарлау екі тілде – қазақша және орысша айтылады. Аталған деректерді білу үшін сары нүктені басу қажет. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолжетімді орта құру үшін жасалды», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шыққанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева