USD
USD
USD

Атырауда шетел азаматынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Атыраулық полицейлер шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалағандарды құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда шетел азаматынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 желтоқсан күні Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратқа сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен.

Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Күдіктілер 36 және 32 жастағы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай