USD
USD
USD

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары – Бейнеу, Атырау – Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілген. Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көліктердің қалып қоймауы үшін оларды қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.

Ведомство өкілдері көлік жүргізушілерін ауа райының қолайсыздығына байланысты өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздікті сақтауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай