USD
USD
USD

Атырауда полицейден қашқан жүргізуші Жайыққа секіріп кеткен

Атырауда полицейден қашқан мас жүргізуші көліктен түсіп, Жайыққа секіріп кеткен.

Атырауда полицейден қашқан жүргізуші Жайыққа секіріп кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 наурызда сағат 17:30 шамасында болған.

«Полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Владимирский-Ғұмаров көшелерінің қиылысында күдік тудырған «Лада Приора» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда, рульде отырған жүргізуші полицейлердің талабына бағынбай, қаша жөнелген. Кейін көлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу қашқан. Жайық өзенінің тұсына келгенде суға секірген. Патрульдік полиция қызметінің инспекторлары, аға лейтенант Жексенбек Нұрымов пен полиция лейтенанты Данабек Сақауов құқық бұзушыны ұстады. Тексеру кезінде 33 жастағы ер адам жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Соған қарамастан мас күйде көлік жүргізген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 613-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы, 612-бабының 1-бөлігі және 590-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылған. Іс-құжаттары сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай