USD
USD
USD

Атырауда мобильді топ карантин шараларын бұзушыларды анықтады

Атырауда мобильді топтар демалыс күндері карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Атырауда мобильді топ карантин шараларын бұзушыларды анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мобильдік топтар жұма-жексенбі күндері сауда орталықтары мен тамақтану орындарында санитариялық талаптардың сақталуын және жеке тұлғалардың карантиндік шектеулерді сақталуына бақылау жүргізу кезінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексерушілер атап өткендей, «Ақжол», «Castle» «Sultan Hall» мейрамханаларында үйлену және мерейтойлар өткізу фактісі тіркелді.  Ал, «Мұрагер» сауда үйінде  маска режимі сақталмай және термометрия жоқ болып шықты. Тағы бір факт: Сәтпаев көшесіндегі «Фудзи» суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет еткен. 30-дан астам келушілерімен көзге іліккен  «Бармаглот» бары сағат 22: 00-ден кейін жұмыс істесе, Жұмыскер кентіндегі «Гүлдияс» дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, режимді бұзған.

Айта кетелік, Атырау қаласында карантин режимін сақтау бойынша рейд жұмысы күнделікті жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 110 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.