Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады

Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленуде. Қазіргі уақытта Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің​ ​ мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарып отыр, деп хабарлайды Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Атырауда мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Гипоаллергенді өнім күнделікті тұрмыста иіс сабыны ретінде пайдалануға келеді.Сабынды жасау барысында табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон – денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам қолдануға болады. Ал, өнімге қосылатын эфир майы хош иіс береді» дейді​ Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.

Аталмыш мектепке биыл ғана жұмысқа тұрған жас маманның сабын жасаумен айналысып келе жатқанына бір жылға жуық уақыт болыпты.

«Химия өте қызықты сала. Осындай тұрмыста қолдануға болатын өнімдер жасауға баулу арқылы, оқушыларды салаға қызықтыруға болады. Толық қыр-сырын меңгеріп алғаннан кейін, сабын жасауды оқушыларыма үйретуге дайынмын», дейді ​ жас маман Марфуға Ағынова.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық