USD
USD
USD

Атырауда ломбардқа алданғандар арыз жазды

Атыраудың полиция басқармасына алаяқтарға алданған салымшылар «ХоумАвтоинвест» мекемесінің басшыларының бірін кепілдікке алып, пәтерде ұстап отырғаны туралы арыз түсті.

Атырауда ломбардқа алданғандар арыз жазды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұнайлы өңірде ломбардқа алданғандардың қарасы қалың. Коммерциялық қаржы мекемелері тұрғындардың автокөліктері мен пәтерлерін, бағалы бұйымдарын жоғары бағамен сатып беремін деп алдаған. Қазіргі таңда алаяқтықпен айналысты деген күдікпен «НурАлиКапитал» және «Гарант24Ломбард» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тергеу амалдары басталды. «Гарант 24-тің» аймақтық директоры қамауға алынды.  

«Сол бойда көрсетілген мекенжайға жедел тергеу тобы жіберілді.1995 жылы туған «ХоумАвтоинвест» ЖШС орындаушы директорының айтуынша, ол пәтерге өз еркімен барып, салымшылармен әңгімелескен. Оған ешқандай зорлық-зомбылық көрсетілмеген. Қазіргі кезде ол азамат қалалық полиция басқармасында жоғарыдағы жайт бойынша түсінік беруде. Осы орайда, тұрғындардан расталмаған ақпаратты таратуға болмайтындығын ескертемін. Тұрғындардан түскен әрбір арыз бойынша заңды шешімдер қабылданады», - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам