USD
USD
USD

Атырауда құқық бұзған 50 шетелдік елден шығарылды

Атырау облысында жыл басынан бері құқық бұзған 50 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Атырауда құқық бұзған 50 шетелдік елден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жүргізілген шаралар кезінде анықталған шетелдіктердің арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Шетел азаматтары тарапынан ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас жүру, автокөлікті мас күйде жүргізу, қоғамға қауіп төндіретін басқа да құқық бұзушылықтар жасалған. Азаматтық тәртіпте қарау үшін жинақталған құжаттар Атырау қалалық сотына жолданды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сот шешімімен 50 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды. «Құқық бұзған шетелдіктің бірі – 29 жастағы азамат жүргізуші куәлігінсіз, мас күйінде көлік жүргізген.

Өзбекстан елінің бұл азаматы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес 20 тәулікке қамауға алынды. Осы азаматқа қатысты жинақталған құжаттармен танысқан Атырау қалалық соты 13 қазанда депортациялау туралы шешім қабылдады. Өзбекстан елінің тағы бір азаматы жақында қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін ұсталды. 1986 жылы туған азаматқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлігіне сай, әкімшілік айыппұл салынып, елден шығару туралы шешім шығарылды», делінген хабарламада. Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шетелдіктерді Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек жолы» бақылау-өткізу пунктіне дейін жеткізіп, Қазақстан территориясынан шығару үшін шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.