2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды, - деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. №2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел босанды. Аталған аурухананың білікті хирургтары мен анестезиолог мамандары, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-реаниматологтары, гинекологтары және акушер құрамы мен неонатологтар оларды аман-есен босандырып алды. Салмағы – 3,620 келі бойы – 53 см болып туылған дені сау қыз баланы 29 жастағы әйел кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігінен  салмағы – 4,270 келі бойы – 56 см  ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден Covid-19-ға талдау алынды, нәтежисі ертең шығады деп күтілуде. 
«29 және 24 жастағы жүкті әйелдер инфекциялық стационарға жүктіліктің 38 аптасында коронавирус инфекциясының симптомсыз расталған жағдайымен қабылданған болатын. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес емін жалғастыратын болады. Нәрестелер аналарынан оқшауланып, арнайы әзірленген таза палатаға ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында", – дейді  №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары  Надя Ерғалиева. 
Айта кету қажет, босану уақыты жақындаған 29 және 24 жастағы жүкті әйелден коронавирусқа қатысты тест қорытындысы оң нәтежие бергендіктен аталған аурухананың изоляторына жатқызылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер