USD
USD
USD

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Атырауда коронавирус жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың мәліметінше, биылғы қаңтардан бері 2 283 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Жыл басынан бері 141 бала стационарларда емделген. Оның ішінде 3 бала жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір инфекциялық стационарда 10 бала емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде оқшауланған 2019 жылғы бір баланың жағдайы ауыр",- дейді Жанар Садуова.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазір 389 бала амбулаторияда бақылау арқылы емделуге жіберілген. Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 813 мыңға жуықтады.

Өткен тәулікте Қазақстанда 4568 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік астанада бір тәулікте 1169 адамда КВИ расталған.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр