Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда қора өртеніп, 6 қой тірідей жанып кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 23 шілдеде Қызылбалық ауылында болған.

Атырауда қора өртеніп, 6 қой тірідей жанып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 17:43-те Атырау қаласының маңындағы Қызылбалық ауылында қораның өртенгені туралы хабар түсті. Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын қораны өрт шарпыған. Қораға 12 бас қой болған. Оқиға орнына 2 көлікпен келген арнайы қызметтің 8 қызметкері өртті сөндіру кезінде 6 бас қойды құтқарып қалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Жалын сағат 18:16-да ауыздықталып, сағат 18:22-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көлік жөндеу орталығында 8 автомобиль өртеніп кеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG