Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда көп балалы отбасы сайлауда таңдау жасады

Шаңырақ құрғандарына он алты жыл толған ​ Руслан Есбердиев пен Гүлвира Жакипованың отбасы бүгінде алты баланы тәрбиелеп отыр. Олар Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданында орналасқан №15 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырауда көп балалы отбасы сайлауда таңдау жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Еліміздің тыныштығы, балаларымыздың болашағы үшін таңдау жасадық. Біз әр уақытта да сайлауға белсенділікпен қатысып келеміз. Және болашақ өмір жақсы болуы үшін, азаматтық позицияның маңызды екендігін отбасымызда балаларымызға айтып отырамыз», - дейді алты баланың анасы Гүлвира Жакипова. ​

Жарасымды ​ шаңырақ үлгісін көрсетіп отырған отбасының үлкен баласы он төрт жаста, кішісі 1,5 жаста.

Еске сала кетелік, Атырау облысында түске дейін сайлаушылардың 37,3 пайызы дауыс берді. Бұл елорда уақытымен сағат 14.00 бойынша ақпарат.

Атап өту керек, Парламент Мәжілісі мен​ мәслихат сайлауына орай, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерде 10 060 сайлау учаскесі құрылған.

Ал, Атырау облысы бойынша 265 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауда. Онда 411 мың сайлаушы тіркелген. Облыстағы сайлау процесін халықаралық 7 байқаушы бақылауда

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.