USD
USD
USD

Атырауда көп балалы ата-ана жалдамалы пәтерде өлі табылды

Атырауда ерлі-зайыпты адамдар жалға алған пәтерінде қайтыс болған. Олардың артында төрт баласы қалды. Бұл туралы zhest.kz телеграм арнасы хабарлады.

Атырауда көп балалы ата-ана жалдамалы пәтерде өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза болған әйелдің анасы ерлі-зайыптылар есік ашпағанын төтенше жағдайлар департаментіне мәлімдеген.

ТЖ кезекші наряды пәтердің есігін ашқан кезде 1996 және 1992 жылдары туған ер мен әйелдің денесін тапқан. 

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Олардың төрт баласы жетім қалды.

Пәтер, полицейлердің айтуынша, бір ай бұрын жалға алынған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу