USD
USD
USD

Атырауда коммуналдық базар прокурордың актісі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылды

Құны 1,3 млрд теңгелік сауда орнын жергілікті билік ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда байланысы үшін салған еді, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Атырауда коммуналдық базар прокурордың актісі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кейін жекеменшік мекемеге болашақта сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Прокурорлық тексеру барысында сенімгер-мекеме өзінің шарттық міндеттемесін орындамай, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын негізсіз көтергені анықталды.  Жан-жақты сараптаудан соң «Сарайшық» коммуналдық базарын мемлекетке қайтару туралы сот шешімі шықты.

Қанат Қабдолов, облыс прокурорының көмекшісі:

- Осыған байланысты Атырау облыстық соты мен Атырау облыстық әкімдігінің прокурордың ұсынысы негізінде талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу бойынша шешімі шығарылып отыр. Айта кету керек, бюджет қаражатына салынған базардың маңызы  жергілікті фермерлерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру болатын.

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі