USD
USD
USD

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс жәшігіне жасырынған ер адам ұсталды

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс жәшігіне жасырынған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда көлік ұрлап, қоқыс жәшігіне жасырынған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 желтоқсан күні уақыт 20:00 шамасында 49 жастағы әйел “102” арнасына хабарласып, осыдан бес минут бұрын өзінің үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera автокөлігін белгісіз адам заңсыз айдап әкеткенін айтты.

Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары сергек бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері автокөлікті Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысында тоқтатқан кезде күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбай, автокөлікпен қашып кетеді.

Бұнымен қоймай, күдікті жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол-көлік оқиғасын жасайды. Кейін полиция қызметкерлерінен қашып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылып қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың “Автокөлікті айдап әкетуші” және “Қалта ұрысы” тізімдік санатында есепте тұрғаны анықталды.

Нәтижесінде автокөлік арнайы тұраққа қойылып, ұсталған азамат жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер