Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда кәсіпкерлерге қысым көрсетілген

Атырау облысында тексерушілерден әбден мезі болған 37 кәсіпкер облыстық прокуратураға шағым түсірген, деп хабарлайды  24.kz.

Атырауда кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. Бұл жағдай, әсіресе, пандемия кезінде жабылып қалған сауда орындарында жиі кездескен. Прокурорлардың араласуымен ШОБ-қа қатысты 445 заңсыз тексерудің күші жойылды. 27 тұлға жауапкершілікке тартылды. 17 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік субьектісінің 16 мыңы өңірдегі санитарлық ахуалдың жеңілдеуіне қарамастан, уақытында өз жұмысын бастай алмаған.

Бауыржан Жұмақанов, Облыс прокурорының орынбасары:

– Яғни екі мың шаршы метрге дейінгі ғимараттары бар кәсіпкерлер қызметтерін қайта бастау үшін хабарлама берудің өзі жеткілікті болатын. Ал санитарлық дәрігерлер тексеру жүргізбей ашуға рұқсат бермеген. Сонымен қатар мораторийге қайшы шығарылған қалалық маслихат комиссиясы төрағасының қаулысына да наразылық енгізіліп, заңдастырылды. Нәтижесінде сауда орталығындағы шағын кәсіпкерлердің қызметін тексеру жөнінде заңсыз тапсырманың күші жойылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА