USD
USD
USD

Атырауда қар құрсауынан 1 жасар баласы бар ерлі-зайыпты құтқарылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында қар құрсауынан 1 жасар баласы бар ерлі-зайыпты құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Атырауда қар құрсауынан 1 жасар баласы бар ерлі-зайыпты құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Кеше 13 қаңтарда Аққора елді мекеніне қатынайтын жолда жеңіл көлік қарға батып қалған.

«Бұл туралы хабар сағат 16:49-да түсті. Аудан орталығы – Миялы ауылынан 5 шақырым жерде жеңіл автокөлік қарға батып тұрған автокөлікте үш ажам бар. Рульде 36 жастағы ер адам, салонда оның 1990 жылғы әйелі мен 1 жасар баласы болған. Шақырту орнына №10 өрт сөндіру бөлімі мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жедел жетіп, отбасы мүшелерін эвакуациялады. Жеңіл автокөлікті қардан шығарылып, Аққора ауылына жеткізілді. Отбасы мүшелері медициналық көмекке жүгінген жоқ», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Авариялық-құтқару операциясына №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық