USD
USD
USD

Атырауда қала күніне орай 22 медициналық жедел жәрдем көлігі табысталды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясына су жаңа 22 жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырауда қала күніне орай 22 медициналық жедел жәрдем көлігі табысталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін қала күні мерекесі қарсаңында тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық саласы 22 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр. Короновируспен күрес кезінде дәрігерлеріміздің көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін  өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінен өте үлкен сабақ алдық. Кемшіліктерімізді толықтырып бүгінгі күні "екінші толқынға" дайындығымызды да пысықтап алдық. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. Дәрігерлеріміз мол тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 18 медициналық жедел-жәрдем көлігі тағы жеткізіледі. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан, біздің басты - мақсатымыз денсаулық саласын дамыту. 
    Құрметті медицина қызметкерлері, темір тұлпарларыңыз құтты болсын. Игіліктеріңізге жарасын", - деді Махамбет Досмұхамбетов медициналық жедел-жәрдем көлігінің кілтін табыстау салтанатында.

Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Заманауи автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

  Айта кетейік,    "С" санаты бойынша 13, В  санатымен 9  Хюндай Н350 маркалы медициналық жедел-жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті, санитарлық көлік жаңартылуы бойынша "Жол картасын" орындау максатында берілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі