Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда ит талаған екі жасар бала ем алып жатыр

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты, деп хабарлайды ATPress.kz, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда ит талаған екі жасар бала ем алып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 қараша күні сағат 16:00-де Атырау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне 2 жасар бала әкелінген. Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, баланың жарақаты орташа деңгейде. 

- Сәрсенбі күні бала ауруханаға жеткізілген бойда жарақат бөлімінде алғашқы көмек көрсетілді. Тістелген жараларға хирургиялық өңдеу жасалды. Баланың басы мен қолына орташа деңгейде зақым келген. Жаралары таңылып, қазір ем тағайындалды. Бала травматология бөлімінде анасымен бірге жатыр, - деді Жақсылық Мағзомов.

Еске сала кетелік, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшам ауданынан 2018 жылы туған баланы ит талап тастаған. Сол бойда сәби ауруханаға жеткізілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Жапаров Ташиевті президенттікке ұсынуды жоспарлағанын айтты

С.Жапаров пен Қ.Тәшиев

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

марганец кені

Қостанай облысында тексеруден кейін «Светофор» лагері жабылды

Светафор

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы