Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асады

Атырау облысында 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. 

Атырауда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында белгілі болды.

«Тұңғыш Президент-Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған болатын. Атырау облысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленді. Әр бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер, жауапты орындаушылар белгіленді. Бқл «Жол картасы» қаланы, аудандарды, ауылды және барлық тұрғынды қамтиды», – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Жол картасында аймақ тұрғындарының табысын арттыру үшін алдағы бес жылда 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

«Ауыл шаруашылығы саласында 2 жоба бар. Қызылқоға ауданында жалпы құны 265 млн теңгені құрайтын тәулігіне 2 тонна сүт және сүт өнімдерін өңдеу цехын салу, Құрманғазы ауданынан 200 млн теңгелік заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехын салу жоспарлануда», – деді «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаев.

Сондай-ақ, Атырау қаласында газ-химиялық кешенінің құрылысы мен Қашаған кен орнының газын өңдеу зауытының құрылыс жобалары жоспарға енгізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Индустрияландыру картасымен 817 млрд теңгенің екі жобасы іске қосылатынын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс

Канье концертіне бара алмағандар билет құнын қайтара ала ма: Министрлік не дейді

концерт билеті

Барлау минуста. Құлыбаевтар мемлекетке 2 млрд теңге айыппұлды НЕГЕ төлемей жүр?

Кулибаев

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Телефон