USD
USD
USD

Атырауда футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды

«Ақтөбе» мен «Атырау» футбол командалары арасындағы матчтан кейін Атырауда жаппай төбелес болып, полиция бөліміне 30 адам жеткізілген.

Атырауда футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасына сәйкес, 19 маусымда 17:55-те «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч алдында жанкүйерлері арасында жанжал туындаған. 
«Атырау полиция басқармасына қызметкерлер қоғамдық орында тәртіп бұзған 30 адамды жеткізді. Сәйкес құжаттар жиналып жатыр», – делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада. 
Ведомстводағылар әлеуметтік желідегі полиция қызметкерлері азаматтарды ұстау барысында дыбыс гранаталарын қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 
«Полицейлер дыбыс әсері бар арнайы құралдарды қолданған жоқ. Жанкүйерлер қолында түрлі-түсті түтін мен дыбыстық петардалар болды. Зардап шеккендер жоқ», – деп қосты ведомстводағылар. 

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады