USD
USD
USD

Атырауда ер адам жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан

Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда ер адам жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан
Фото: NEGE.kz

Атырау, NEGE. 17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушы азаматшаның күйеу баласы болып шықты.

Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонақтап келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 


 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Білім министрлігі

Ерлан Қарин енбеген: «Әділет» Құрылтайға өткен 110 депутаттың тізімін жариялады

«Әділет» партиясы

Аша Матай, Бейбіт Әлібеков және Азат Перуашевсыз: Партиялар Құрылтайға баратын депуттар тізімін жариялады

Парламент отырысы

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы