Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды

Атырауда ДАИШ содырларының құрамына қосылғысы келген деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды.

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәіметінше, биылғы мамырда Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың бірінің 32 жастағы жақтаушысын ұстаған.

Полицейлер оны синтетикалық есірткі сатқаны үшін қолға түсірген. «Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу дерегіне сүйенсек, ер адам ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан», дейді облыстық полиция депаратменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы. Оның айтуынша, сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, теріс діни ағым өкілінің мәлімдемелерінде қарулы жиһад түрінде терроризмді насихаттауға бағытталған белгілер болған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасасуға ниет білдірген. Кейіннен сот оны ҚР Қылмыстық Кодекстің екі бабымен (Есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, терроризмді насихаттағаны үшін) кінәлі деп тапты. Кінәні мойындау, жасалған іс жүргізу келісімін ескере отырып, қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты